Дамаск қаласын бомбылау кезінде дзюдодан Сүрия ұлттық құрамасының екі спортшысы көз жұмды – деп хабарлайды SANA ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ел астанасын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы содырлары атқылаған. Олар бұл жолы мемлекеттік ғимараттарды емес адам көп тұратын тұрғын үйлерді бомбалаған. Салдарынан 8 адам көз жұмып, бірнешеуі жарақат алған. Қирандылар астында қалғандардың арасында екі бала мен дзюдодан Сүрия ұлттық құрамасының екі спортшысы бар.

Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айының 19-ы күні террористер Дамаск қаласының Маззе 86 ықшам ауданын, ал 20-сы күні Ресей елшілігін бомбалаған болатын.

“The Qazaq Times”