2017 жылдың қаңтар-қазан  айы аралығында тау-кен өндірісі кәсіпорындары мен карьерлер өндірісі 9,3 трлн теңгенің өнімін өндірген және бұл  өткен жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 10,2%-ға жоғары деп хабарлайды LS. 

Дереккөздің мәліметінше, осы кезең аралығында 229,5 млрд теңгеге көмір мен лигнит өндірілген (7,8%-ға артық).

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру көлемі 7,5 триллион теңгені құрады (11,4%-ға көп). Оның ішінде шикі мұнайды өндіру 7,3 трлн теңге (11,4%-ға көп), ал табиғи газ өндіру 154,6 млрд теңге (9,6% -ға көп) болған.

Сондай-ақ, металды рудаларды өндіру 990,5 млрд теңгеге жетті (8,8 -ға көп), оның ішінде темір рудаларының өндірісі 205,3 млрд теңгені (7,3% -ға), түсті металдарды өндіру 785,1 млрд теңгені құрады.

Жалпы тас көмір өндіру көлемі 82,4 млн тоннаны (12,8%), шикі мұнайдікі - 60,1 млн тоннаны (12% өсім), табиғи газдікі - 43,7 млрд текше метрді құраған (14,5%-ға өсті), темір рудасын өндіру - 32,6 млн тоннаға (10,1% -ға), мыс өндіру 81,1 млн тоннаға (24,7%-ға өсті) жеткен.

Ескеретін жайт, Қазақсанда мұнай шикізаты өндірілген сайын жетпей келеді. Мысалы көмір өндірісі көбейген күннің өзінде, биыл жылуы маусымы бастала сала көмір тапшылығы болғаны анық.

“The Qazaq Times”