Қазақстанда 2017 жылдың қыркүйек айының соңында жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредит 2,9 трлн теңгені құраған және бір жыл ішінде өсім 14,9% болған, деп хабарлайды Ranking.

Ал былтырғы жылы тұтынушылық кредит керісінше, 6,5%-ға немесе 2,5 трлн теңгеге азайып кеткен. Жеке тұлғаларға берілген жалпы бөлшек кредиттердің көлемі  61,2%-дан 64,4%-ға дейін ұлғайған.

Жалпы Қазақстанның 16 өңіріндегі тұрғындар тұтынушылық қажеттілік үшін кредитті белсенді түрде алған. Көрсеткіш бойынша Алматы алдыңғы орында - өсім 83,6 млрд теңгеден 1,1 трлн теңгеге дейін болған.

Қарағанды облысында тұтынушылық кредиттің көлемі 21,7%-ды құрады немесе 32,1 млрд теңгеден 180,2 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Өңір тұтынушылық несие алушылар үлесі бойынша Қазақстанда төртінші орында.

Астана жылдық өсім бойынша үшінші орында тұр. Бас қаланың көрсеткіші 30,8 млрд теңгеден 231,5 млрд теңгеге дейін көбейген. Қазақстан бойынша үлесі өзгеріссіз  – 8,1%.

2017 жылдың 3 тоқсанының соңына қарай тұтынушылық несиенің деңгейі 14,3%-ға өскен және қызметкер бір адам үшін 447 300 теңгені құрайды. Осылайша жұмыс істейтін бір ғана қазақстандықтың тұтынушылық қарызы орташа есеппен оның 3 айлық жалақысына тең.

Мысалы Алматыда бір жұмысшының банк алдындағы тұтынушылық қарызы 1,3 млн теңгені немесе 7,3 айлық жалақысын құрайды. Ал Маңғыстау облысының бір ғана тұрғыны тұтынушылық қарызын жабуға 556 800 теңге немесе 2,1 айлық жалақысын жұмсайды.

“The Qazaq Times”