Грузия Қазақстанға 4,9 миллион доллар көлемінде қарызын қайтарды.

Қазақстан Қаржы министрі мәліметінше, Грузияның Қазақстанға  қарызы 25,45 миллион долларды құрайды. Келісім бойынша, ресми Тбилиси аталмыш қаржыны 2025 жылға дейін төлеп бітуі тиіс. Грузия билігі бұл қарызды осыдан 20 жыл бұрын алған. Ал оны қайтаруға байланысты келіссөздер 2001 жылы басталып 2016 жылы бірақ аяқталған. Келіссөз барысында Қазақстан қарызды қайтаруда Грузия тарапының шарттарымен келіскен. Шарт бойынша, Грузия Қазақстан алдындағы қарызын 2025 жылға дейін бөліп-бөліп қайтарады.

“The Qazaq Times”