Электрондық төлем қызметтері нарығында Интернет/мобильді банкинг арқылы жасалған операциялардың айтарлықтай өскен. Бұл туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды.

Бас банктің мәліметінше, төлем картасын пайдалана отырып Интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген төлем көлемдері 2016 жылмен салыстырғанда 78,9%-ға өсті.

"Жалпы 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте интернет/мобильді банкинг арқылы 715,7 млрд теңге сомаға 58,9 млн операция жасалды. Осы сервистерді пайдалана отырып төлемдердің үлесі төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол емес төлемдердің жалпы көлемінен саны бойынша 38,7%-ды және сомасы бойынша 36,4%-ды құрады", - делінген хабарламада.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7,8 млн интернет және мобильді
банкинг пайдаланушысы тіркелген. Айына олардың 23%-ы орта есеппен белсенді түрде операциялар жүргізеді.

Сондай-ақ  электрондық ақша нарығы да өскен. Мәселен, қазақстандық
эмитенттердің электрондық ақшасын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 2017 жылғы 9 айда 240,3 млр. теңге сомаға 57,1 млн транзакция жүргізілген және 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда операция саны бойынша 2,1 есе және операция сомасы бойынша 2,6 есе өсті.

Қазақстанның электронды ақша жүйесінде тіркелген «электронды әмиян» саны 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 7,2 млн бірлікті құрады.

“The Qazaq Times”