Қазіргі әлемдік жағдайдан алып қарағанда, көзқарақты адамдарды  ядролық соғыстың туу ықтималдығы алаңдататыны белгілі болды. Оны Батыс елдеріндегі сараптау орталықтары дайындаған сауалнама нәтижелері айқындап отыр. Солтүстік Корея мәселесі, АҚШ-КХДР арасындағы шиеленістің ушығуы бұл қауіпті тіпті де жақындатып, әлем елдерін үрейге салып отырғаны жасырын емес.

Солтүстік Кореяның билігіне Ким Жоң Ун ядролық бағдарламаны дамытуды қарқынды түрде қолға алды. Ал, АҚШ президенті болып сайланғаннан кейін Трамптың КХДР-ға қаратқан позициясы тіпті қызуқанды күйге өтті. Екі ел бір-біріне бірнеше мәрте ядролық соғыстың қатерін төндірді. Осы кезеңдерде әлем жұртшылығы Трамптың Солтүстік Кореяға тұтқиыл ядролық шабуылға бұйрық беріп жіберуінен алаңдағаны анық. Себебі, әрекеті салмақты саясаткерге ұқсай бермейтін америкалық басшының жүріс тұрысы есер, жеңілтек адамға көбірек ұқсаған еді. Трамп расында ядролық соғысқа бұйрық берсе бұл АҚШ қарулы күштері бұйрықты орындауға қаншалықты сенімді? АҚШ үшін ядролық соғыстың білтесі тек Трамптың қолында ма? Жақында бұл сұраққа жауап табылғандай болды.

Құрама Штаттың Стратегиялық қолбасшылығының (STRATCOM) бұрынғы басшысы Роберт Кехлер бұл туралы пікірін білдіріп: «АҚШ армиясы президентің ядролық соғыс туралы «заңсыз бұйрығын» орындамау құқығына ие», – деген жауабын берді. Ол сөзінде  STRATCOM Ақ үйге қауіп төнбей тұрып, бұрын қабылданған шешім бойынша ядролық соғысты ашпауына құқылы екенін жеткізді.

Кехлер бұл пікірлерімен қатар: «Дегенмен, ұлттық қауіпсіздік саласында президент құқығының шектеле беруіне қарсымын», – деді. Қауіпсіздік саласында президенттің құқығы шектеле берсе бұл елдің қорғаныс қабілетін айтарлықтай төмендететінін айтып өтті.

“The Qazaq Times”