Әлемдегі ең танымал криптовалюта биткоин күн өткен сайын қымбаттап жатыр. Электронды ақшаның курсы 8 мың долларға жеткен. 

Cryptocompare мәліметінше, Алматы уақытымен сағат 10:00-де биткоин 7934,6 долларға бағаланған. Осы мәліметтерді негізге ала отырып, электронды ақшаның құны бір жыл ішінде 8,3 есеге қымбаттағанын байқауға болады.

Айта кетейік, Қазақстанда криптовалютаға қатысты пікір сан алуан. ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев электронды ақшаны қолдануға асықпау керектігін айтса, "Астана" халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов "ЭКСПО аймағы криптоаумаққа айналады" дейді.

“The Qazaq Times”