АҚШ үкіметі мәлімдеме таратып, «Cold War» келісімі бойынша тыйым салынған орта қашықтағы зымыранды өндіруді жоспарлап отырғанын және дайындық жұмыстарының басталып кеткенін айтты. АҚШ жақ Ресейдің бұл қаруды өндіруге күш салмағанда, Құрама Штат та бұл зымыранды қайта өндіруге тырыспайтын болар еді дегенді алға тартуда. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлады.

Пентагонның лауазымдыларының мәліметіне қарағанда, АҚШ-тың әскери істерге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы мақсаты, егер Ресей үкіметі келісімшартты бұза берсе, Америка Құрама Штаттары әскери өндіріске бір рет тыйым салынған жердегі орта қашықтыққа атылатын зымырандардың өндірісін жүргізуге рұқсат береді. Дегенмен әзірлік жұмыстары туралы нақты мәліметті таратпады.

АҚШ лауазымдыларының қарауынша, Ресей жақ «Қырғи-қабақ соғысы» кезінде қол қойылған «Орта қашықтағы ядролық күштер туралы шартты» жойғысы келмейді. Оның мақсаты - Ресейге өз келісімін ұзартуға мүмкіндік беру. АҚШ үкіметінің мәліметінде, Соңғы аптада Құрама Штаттар Ресейге бағытталған жаңа саясатын жария етті. Дегенмен, егер Ресей жағы келісімшартты жаңартса, АҚШ жоспардан бас тартуға дайын екенін жеткізді.

“The Qazaq Times”