АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бір күн бұрын Мьянмаға барды және ондағы азаматтық ұйымдар мен әскери лауазымды тұлғаларымен кездесті. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты жазды.

Рекс Тиллерсон кездесу барысында аракандалық мұсылмандардың құқықтарының бұзылуы және онда болған оқиғаны тым аянышты жағдай деп бағалады, әрі аталған іске тергеу жүргізілуін талап етті.

Мьянма басшысы Аун Сан Су Чимен бірге өткізген баспасөз мәжілісі кезінде Тиллерсон: «Аракандада болған қанды қырғын кезінде Мьянма қарулы күштері жағдайды толық меңгере алмады. Тәртіп орнатушы күштердің керісінше адам құқықтарына қайшы әрекеттері туралы дәлелдер бар. Осы жағдайға байланысты және әйелдер мен балаларды қамтыған неше он мыңдаған халықтың бас сауғалап елден кетуі Құрама Штатты алаңдатып отыр», – деген көзқарасын білдірді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Мьянма мұсылмандарының қырғыншылыққа ұшырауына қатысты тергеуді талап етті, алайда осы іске байланысты Мьянмаға экономикалық қысым жасау шешімін Құрама Штаттың қолдамайтынын да айтып өтті.

“The Qazaq Times”