Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алған елдер анықталды.

Келесі жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алу үшін төрт жыл тер төккен 32 құрама өткен аптада өздерінің соңғы ойындарын өткізді. Қорытынды нәтиже бойынша, 2018 жылғы әлем чемпионатына Германия, Бразилия, Франция, Аргентина, Польша, Бельгия, Португалия, Ресей, Испания, Перу, Швейцария, Ұлыбритания, Колумбия, Хорватия, Мексика, Уругвай, Дания, Швеция, Исландия, Коста-Рика, Тунис, Мысыр, Сенегал, Иран, Сербия, Нигерия, Жапония, Марокко, Панама, Оңтүстік Корея, Сауд Арабия, Австралия ұлттық құрамалары қатысады. Кімнің қай топта ойнайтыны желтоқсан айының 1-і күні өтетін жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады.

“The Qazaq Times”