Қырғызстанда 4,7 баллдық жер сілкінісі болды – деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігі.

Қараша айының 16-сы күні таңғы сағат 7:43 Қырғызстанның Ыстық-Көл облысында 4,7 баллдық жер сілкінісі болды. Қырғызстан сейсмология орталығының мәліметінше, жер тербелісінің эипцентрі Жеті-Өгіз ауданына қарасты Қажы-Сай ауылынан 28 шақырым жерде болған. Қырғыз елінде болған жер сілкінісі Алматы облысы мен Алматы қаласында да сезілген.

“The Qazaq Times”