Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақ билігін сынаған мәлімдемесіне пікір білдірді.

Ол аталмыш мәлімдеге байланысты өзінің Twitter парақшасында: «Атамбаевтың Қазақстанға қарата айтқан кезекті мәлімдемесі екі елдің қарым-қатынасына кедергі келтіретіні анық. Бұндай мәлімдемелерге үлкен саясатта орын жоқ. Бұл жерде Қырғызстанның қоршауда қалғандығы жайында сөз жоқ. Ең бастысы ЕАЭО талаптарын орындау керек. Келіссөз кілті осында» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ұлттық кеңес отырысында кезекті рет Қазақстан билігін қатаң сынға алған болатын.

“The Qazaq Times”