Ресей Ұлыбританияға хакерлік шабуыл жасауда – деп мәлімдеді Ұлыбритания кибер қауіпсіздік орталығының басшысы Кирен Мартин.

Қараша айының 15-сі күні Кирен Мартин Лондон қаласында өткен технология саммитінде сөйлеген сөзінде: «Мен өткен жылы Ресейдің Ұлыбританияның БАҚ, телекоммуникация және энергетика салаларына хакерлік шабуыл жасағанын сеніммен айта аламын» -деген. «The Telegraph» басылымының мәліметінше, кибер қауіпсіздік орталығы 2016 жылдан бері 10 миллион хакерлік шабуылдың алдын алған.

“The Qazaq Times”