Бүгін VII қаржыгерлер конгресінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев банк секторын сауықтыруға қатысты пікірін білдірді. 

10 жылдан кейін қайта жұмысын бастаған конгресс кезінде бас реттеуші банктердегі проблемалар өздігінен шешіліп кетпейтінін айтты.

"Банк секторының қаржылық тұрақтылығы туралы бағдарламаның ерекшелігі - көптеген нәтижеге жедел әрі жылдам қол жеткізуге бағытталған. Банктердегі мәселелер тез шешілуі тиіс. Ол өздігінен шешіле салмайды. Ал оларды шешпесек, жағдай қиындап кетеді және қоғамдағы үлкен проблемаға айналады", - деді ол.

Бұдан бөлек бас банкир бантерді бақылау жүйесі өзгеретінін атап өтті. Оның сөзінше, басты мақсат - қаржылық тұрақтылықты күшейту. Осылайша ол Ұлттық Банк болжам жасау және салдарын анықтау  қағидаттарын қолдануды жалғастыра беретінін айтты.

“The Qazaq Times”