Молдоваға тұрақты армия қажет емес – деп мәлімдеді ел президенті Игорь Дадон.

Ол ресейлік «Независимая газета» басылымына берген сұхбатында: «Бізге армия қажет емес. Молдова бейтарап ел. Сол себепті де Днестр өзенінің оң жағалауына да, сол жағалауына да әскер болмауы тиіс. Оның үстіне біз кіммен соғысамыз?» - деген.

Бұдан бөлек сұхбат барысында Игорь Дадон Приднестровья жайында сөз қозғаған. Оның ойынша, қазіргі таңда Приднестровьяға тәуелсіздік алып, Ресей Федерациясының субьектісі болу мүмкін емес жағдай. Приднестровья қандай жағдай болса да, Молдова құрамында қалады.

“The Qazaq Times”