Бүгін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің айналымға енгізілгеніне 24 жыл толды. 1993 жылдың 15 қарашасындағы ҚР Президентінің жарлығы бойынша теңге еліміздің төл валютасы болып бекітілген еді. 

Алғаш рет теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

  • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
  • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
  • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған)

Кейін біртіндеп 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгелік купюралар айналымға шыға бастады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі ұлттық валюта енгізілген соң 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған. Алайда, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болған.

Төл теңгені айналымға енгізу жұмыстары оңай болған жоқ. Ресей рублінің айналымға енуі Қазақстанды жаңа валюта шығаруға итермеледі. Десек те теңге бастапқы кездегі құнын сақтап қала алған жоқ. Жыл сайын ел экономикасының құбылуы теңге бағамын да құлдыратты. 2015 жылы теңге бағамы еркін айналымға жіберілгенен кейін,  2016 жылдың 1 желтоқсанында номиналы 20000 теңгелік банкнота айналымға енді.

“The Qazaq Times”