Корей түбегіне бет алған АҚШ ұшақ тасымалдағыш кемелері бейнеленген видеоролик жарияланды.

Қараша айының 12-сі күні АҚШ әскери теңіз күштері баспасөз қызметі «Ronald Reagan», «Nimitz» және «Theodore Roosevelt» ұшақ тасымалдағыш кемелерінің Оңтүстік Корея теңіз аумағына кіру сәті бейнеленген видеоролик жариялады. АҚШ қарулы күштерінің жетінші флот баспасөз қызметінің мәліметінше, Корея түбегіне келген АҚШ әскери теңіз күштеріне тиесілі кемелер қараша айының 11-і мен 14-і күндері аралығанда Оңтүстік Корея әскерилерімен бірлескен әскери оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын болады.

Бұған дейін «Ronald Reagan», «Nimitz» және «Theodore Roosevelt» ұшақ тасымалдағыш кемелерінің қатысуымен болған оқу-жаттығу жұмыстары 2006-2007 жылдары Гуам аралдары маңында өткен.

“The Qazaq Times”