Сүриядан Грозныйға Қазақстан азаматтары жеткізілді – деп мәлімдеді Шешенстан президенті Рамзан Кадыров.

Қараша айының 13-і күні Рамзан Кадыров өзінің Instagram парақшасында: «Бүгін Грозный қаласының әуежайында Сүриядан кезекті арнайы рейс келіп қонды. Ұшақ бортында 41 адам бар. Оның 34 ресейлік қалған жетеуі Қазақстан және Өзбекстан азаматтары» - деп жазған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде Сүрия аумағында 400-ге жуық қазақстандық бала бар деген ақпарат жарияланған болатын.

“The Qazaq Times”