Алдағы жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында 220 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1514 гектарға жеткізілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, 13,8 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылатын болады. Ал, тамшылатып сурару әдісі 8,1 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 66, 6 мың гектарға ұлғаймақ.

Әкімдіктің мәліметінше, облыс алдағы жылы негізгі 4 бағытта дамитын болады.  Олар: өндіріс, егістік, мал шаруашылығы және туризм саласы. Осы аталған 4 саланы дамытуда аудан, қала әкімдері мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандардыру керек. 

 Бұдан бөлек, жаңа бағыт ретінде жаңғақ пен бадамша егу жұмыстары да дами бастаған. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 7 мың гектарға артып, 825 мың гектарға орналастырылады деген болжам бар. Оның ішінде интенсивті баулар 804 гектарға, жаңғақ шаруашылығы қосымша 500 гектарға егіледі деп жоспарлануда.

“The Qazaq Times”