Біріккен Араб Әмірліктері Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалануы мүмкін – деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

ТАСС мәліметінше, жақында Дубай қаласындағы Dubai Airshow әуесалонында Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан тарапы Байқоңыр ғарыш айлағын алдағы уақытта бірігіп пайдалану жайында келіссөздер жүргізген. Жақын күндері аталмыш келіссөздер Байқоңыр қаласында жалғасын табады деп күтілуде.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағын алдағы уақытта да пайдалана беретіндіктерін мәлімдеген. Ал «Роскосмос» 2018 жылы Байқоңырдан ұшырылатын зымырандар саны көбейетіндігі жайында айтқан болатын.

“The Qazaq Times”