Ирак әскері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының қолында қалған соңғы қаланы азат ету операциясын бастады. Ирак пен Сүрия шекарасында орналасқан Рава қаласы халифат содырларының бір-біріне қару-жарақ пен өзге де қажетті заттарды тасымалдау орны болған. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

Ирактағы жихадшылар қолында болған әл-Каим қаласы босатылғаннан кейін, Рава шаһары мен оның маңындағы аумағы шағын аймақ терроршылардың елдегі соңғы иелік етіп отырған мекендері. Егер Рава қаласы толықтай азат етілсе, Ирак "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресінде жеңіске жетеді.

Терроршыларға қарсы күресті Ирактың құрлық әскері мен сүннит тайпалар одағы жүргізіп жатыр. Оларды әуеден Ирактың әскери ұшақтары қолдап отыр. АҚШ-тың жасаған мәлімдемесіне сәйкес, қазір "Ислам мемлекеті" ұйымы өзінің Ирактағы иеліктерінің 95% жоғалтты. Олардың қол астынан 4,4 млн ирактық азат етілді.

“The Qazaq Times”