АҚШ пен Ресей "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы толықтай жеңілгенше, оған қарсы күш біріктіріп, күрес жүргізу туралы келісімге келді. Кремльдің жасаған мәлімдемесінде аталған шешім Вьетнамда өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит саммитіндегі қос ел басшысының кездесуі кезінде қабылданғаны айтылған. АҚШ тарапы бұл мәлімдемеге қатысты әлі пікір білдірген жоқ. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

Кездесу орнынан баяндама жасаған сарапшылардың сөзіне сәйкес, қос ел басшысы 24 сағат ішінде 3 рет шағын әңгімеге бас қосқан. Дональд Трамп Президенттікке сайланғалы бері олар Гамбургте өткен G20 саммитіндегі кездесулерінен соң екінші рет кездесіп отыр. АҚШ-Ресей Президенттерінің Вьетнамдағы экономикалық форумда кездесуін әлем асыға күтті.

Кремль баяндамасында АҚШ пен Ресей Сүриядағы жағдайдың әскери шешімі жоқтығымен келісіп, Женевадаға келіссөздерге барлық тараптарды қатыстыруға тырысатындықтарын жеткізді. Ресейдің Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, АҚШ пен Ресей "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымын жеңу үшін әріптестік байланыстарын нығайту туралы сөз қозғаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей алты жылдан бері Сүриядағы биліктің қолдаушысы болып отыр. Ал АҚШ Араб топтары мен Күрд әскери одағына көмектесіп, 2014 жылдан бері әуеден бомбалау операциясын жүргізіп келеді.

“The Qazaq Times”