"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы Қазақстан қор биржасына 10 пайыздан аса акцияларына иелік ететінін ұйымдардың тізімі өзгергенін хабарлады. Хабарламаға сәйкес, мұнай компаниясы енді "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясының акцияларына иелік етпейді. 

Бұдан бұрын 2016 жылдың жазында ұлттық компания "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясы" АҚ-ның 100 пайыз акцияларын саудаға қойғанын хабарлаған. "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС ақпараты бойынша активтердің алғашқы бағасы 15,5 млрд теңгеден басталған.

"Еуро-Азия Эйр" Астана қаласының Есіл ауданында тіркелген. Компанияның негізгі қызметі - пайдалы қазба орындарын игеру және дамыту бойынша рейстерді жүзеге асыру және заңды, жеке тұлғаларға әуе тасымалдары арқылы қызмет көрсету.

"Еуро-Азия Эйр" -  тікұшақ операциялары мен жолаушылар тасымалы бойынша маманданған ірі компаниялардың бірі.

Әуе компаниясының паркінде 20 әуе кемесі бар, оның :

- 12-сі Mи-8T тікұшағы (РФ);

- 2-уі AS-365N3 үлгісіндегі  тікұшақ (Франция);

- 2-уі Challenger-850 және Challenger-870 ұшағы (Канада);

- 4-уі Augusta Westland-139 (Италия) үлгісіндегі  тікұшақ.

“The Qazaq Times”