Тайуанның (Тайвань) орталық қаласы маңындағы бір әскери базадан әуеге көтерілген Mirage-2000 атты жауынгерлік ұшақ, Қытайдың шығыс теңізінде із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.

Тайуан ӘӘК-нің хабарына қарағанда Mirage-2000 әскери ұшағы, шарлау міндетін өтеу үшін Тайбей қаласының маңындағы базадан ұшқан. Жарты сағат өткеннен кейін ұшақпен хабар байланыс үзілген. Ұшақ соңғы рет Қытай теңізінің шығыс маңынан сигнал жолдаған.

Қазір ұшақты табуға Қытай Теңіз күштері кеме және ұшақтарды іздестіру, құтқару жұмыстарына аттандырды. Әзірге ұшақтың суға құлағаны туралы дерек жоқ. Mirage-2000 ұшағы Францияда өндірілген. Шарлау және шабуыл жасауға қолданылатын әскери ұшақ болып табылады.

“The Qazaq Times”