Францияның Президенті Эмануэль Макрон Абу-Дабиде соңғы он жыл бойы салынған Лувр мұражайы ашылғанын жария етті. Жаңа мұражайда тұрақты негізде 600, оған қоса Франциядан әкелінген 300 өнер туындысы,  келушілердің назарына ұсынылатын болады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.

Лувр мұражайының жобасы туралы келісім Франция мен Абу-Даби арасында 2007 жылы жасалып, 2012 жылы ғимарат пайдалануға беріледі деп күтілген. Бірақ бүкіл әлемдік қаржы дағдарысына және мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты құрылысы ұзаққа созылған мұражайдың құны алғашында 654 млн $ деп бағаланса, соңғы құны - 1 млрд £ болды.

Мұражайға әлемнің барлық өңірінен дін мен тарихқа байланысты жиналған шығармалар мен туындылар қойылады. Франция Президенті Эмануэль Макрон жаңа жобаны "Өркениеттер арасындағы көпір" деп атады. Ол өз сөзінде: "Ислам діні өзге діндерді құртуды көздейді дейтіндер - өтірікшілер", деді.

Абу-Дабидегі туристік орын Франция үшін пайда табудың жаңа жолына айналады. Себебі Лувр мұражайының атын қолданғаны, 300-ге жуық өнер туындысын пайдаланғаны және мұражайды басқару бойынша консультациялық қызметі  үшін Абу-Даби Францияға қыруар қаржы төлейді.

“The Qazaq Times”