Бүгін Ranking.kz сарапшылары елімізде қартаю көрсеткішінің өскені туралы хабарлады. 2015-2016 жылдар аралығында әр 100 балаға 65 жастан асқан 26 адамнан келетін. Алайда, мамандардың айтуы бойынша, қазір  туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты еліміздегі бұл көрсеткіш қартаю индексінің өскенін көрсетеді. Айта кетерлік жағдай, 2009-2014 жылдары қартаю көрсеткіші 28,3-тен 25,3 адамға дейін төмендеген.

Сонымен қатар, елімізде ауыл халқымен салыстырғанда қала тұрғындарының қартаю индексі жоғары. Қала тұрғындарының қартаю деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші Солтүстік Қазақстанға тиесілі, яғни 100 балаға шаққанда жасы 65-тен жоғары 62,2 адамнан келеді. Ал, осы көрсеткіш ауыл тұрғандарына шаққанда СҚО бойынша 53,3 адамды көрсетіп тұр. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысында, 14 адамды құрайды.

Алматы қаласында қартаю көрсеткіші Астанаға қарағанда екі есе жоғары. Бұл дегеніңіз бас қаланың жастар қаласына айналып келе жатқанының тағы бір көрінісі болса керек.

Мадина Керімқұлова

“The Qazaq Times”