Disney Research зертханасы зағип жандар көре алатын отшашу ойлап тапты.

Осы уақытқа дейін әлем жұртшылығына тек анимациялық туындылары арқылы танылып келген Disney компаниясы бұл жолы зағип жандарға арналған Feeling Fireworks құрылғысын ойлап тапқан. Аталмыш құрылғы зағип жандарға саусақтары арқылы отшашуларды көруге мүмкіндік береді.

Feeling Fireworks экран-мембрана негізінде жасалған. Экранның ар жағына бес бірдей су үрлейтін құрылғы орнатылған. Әр түрлі диаметрдегі су бұрқақтан шыққан су мембранаға келіп түседі. Өмір бойы көзі көрмеген адам экранға қолын тигізсе болды саусақтары арқылы отшашуды көре алады.

“The Qazaq Times”