Apple компаниясының соңғы жаңалығы iPhone X смартфондары әлемнің 50-ге жуық маркеттерінде сатылымға шығарылды. Жұма күні Еуропа, Азия мен Америка құрлығындағы су жаңа гаджетті сатып алуға ынталы адамдар ұзын-сонар кезекке тұрып, Францияда, тіпті халықтық наразылық шарасына ұласты. Бұл туралы толығырақ APF ақпараттық агенттігі жазды. 

Сан-Францискодағы дүкенге гаджет сатып алуға арнайы келген Гильерме Росси (Guilherme Rossi) өзінің тұрғылықты мекені Бразилиядағы үлкен кезекте тұрғысы келмей, Америкаға келгенін айтады. Оның мәліметінше, мұндағы iPhone X құны 999 доллардан басталады.

Франкфурттан 30 км қашық орналасқан Гейделбергтен келген мұғалім мұнда Apple компаниясының жаңа өнімі 10 минутта сатылып кеткенін хабарлады.

Париждегі Apple дүкенінің алдында жиналған кезекте болған қоғам белсенділері америкалық компания мен Еуропа арасындағы салыққа байланысты келіспеушіліктерге тоқталуды жөн көрген. Олар компания өкілдеріне алма лақтырып, "Алма, салық төле!" (Apple, pay your taxes) деп ұрандатқан.

Оңтүстік-шығыс Азиядағы Iphone-ның жаңа үлгісі сатылымға қойылған жалғыз дүкен - Сингапурда. Мұндағы дүкен алдына жиналған 300-ге жуық сатып алушы түнді осында өткізген.

Ең алғашқы Iphone шығарылымының онжылдығына орай жарық көрген Iphone X гаджеті техникалық жабдықтар арасындағы соңғы күндері ең көп талқыға түскен модельге айналды. Apple компаниясының табысы қыркүйек айында 12 пайызға өсіп, 52,6 млрд долларды құраған.

“The Qazaq Times”