АҚШ Президенті Дональд Трамп Федералды резерв жүйесінің басшысы (ФРЖ) қызметіне Джером Пауэлдің ресми түрде тағайындалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақүйде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Джером Пауэлл аталған қызметке ФРЖ-ның қазіргі басшысы Джанет Йелленнің өкілеттігі аяқталғаннан кейін ресми түрде 2018 жылдың ақпан айында кірісетін болады.

Осылайша ол бұрынғы инвестициялық банкир ретінде ФРЖ-ға төрағалық етететін бірінші адам, тіпті соңғы 40 жыл бойынша Американың орталық банкін басқаратын  экономика білімі жоқ алғашқы адам болмақ.

Пауэлл бұған дейін ФРЖ губернаторы болған. Ол бұл қызметке 2012 жылғы 25 мамырда тағайындалған. 2014 жылдың 16 маусымында қайта тағайындалып, 2028 жылдың 31 қаңтарында өкілеттігі аяқталуы тиіс еді.

“The Qazaq Times”