АҚШ қарулы күштерінің мәліметіне қарағанда, келесі айда Құрама Штаттың теңіз әскери күштері үш бірдей ұшақ тасымалдаушы авиаматкасын Азия-Тынық мұхит өңірінде болатын әскери оқу жаттығуға аттандырмақ. Пентагонның мәліметіне қарағанда бұл президент Дональд Трамптың Азиядағы сапарымен бір уақытта болмақ. Бұл туралы «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.

АҚШ-тың бір ретте үш авиаматкасын Азияның шығысына аттандыруы осыдан он жыл бұрын болған екен. Сол кезде Гуам аралының су алабын қорғау мақсатында қорғаныс күштері ұшақ тасымалдаушы үш бірдей алып әскери техниканы жіберген.

Алда болатын әскери жаттығудың нақты мазмұны жарияланбағанымен, Пентагон жаттығуға дайындалып жатқанын растап мәлімдеме жасады. Бұл алып әскери техникалар тобы АҚШ теңіз күштерінің символы ретінде қарастырылады. Әдетте бұл авиаматкаларда соғыс ұшақтары, крейсерлер, жойғыш ұшақтар, суасты қайықтарынан құралады. Сонымен қоса 6-10 соғыс кемесі де бірге еріп жүреді. Сонымен бірге әр біреуінде 7500-ден аса қарулы жауынгер болады.

АҚШ-тың бұл қадамы Қытай ақпарат құралдарымен қорғаныс күштерін алаңдатып отыр.

“The Qazaq Times”