Біріккен Ұлттар Ұйымы Сүрия жерінде химиялық қару қолдану ісі туралы өзінің қорытынды баяндамасын таратты. Баяндамада химиялық шабуыл жасаушы Башар Асадтқа қарасты үкіметтік күштер екенін мәлімдеді. Бұл туралы «WSJ» басылымының ресми сайты хабарлап отыр.

80-нен аса адам қаза болған бұл шабуылдан елдің оңтүстік-батыс аумағындағы Хан-Шейхун аймағының тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізген. Баяндама авторлары Башар Асад билігімен оны қолдаушы Ресей күштері шабуылды жасырын түрде жүзеге асырғанын айтады.

Елдегі оппозициялық күштері және Батыс аймағындағы жергіліктілер Башар Асадқа тәуелді үкімет күштері химиялық қару тиелген бомбаларды тастағанын растап отыр. Идлибтің медиа орталығында жұмыс істейтін Хусейн Кайал таңғы 06:35 шамасында бомба тасталған жерге жетіп үлгерген. Бұл маңнан Хусейн химиялық бомбаның қалдықтарын байқалмағанын, алайда жерде сұлап жатқан адамдарды көргенін айтады.

Әлемді дүр сілкіндірген бұл химиялық шабуылда зарин газы қолданылған. Зарин газы ең қауіпті химиялық зат. Оның зақымдау қуаты цианидтен 20 есе күшті. Зарин газымен жанасып, оны тыныс жолына жіберіп алған адамдар бірнеше минутқа жетпей қайтыс болады. Ауаға тез тарайтындықтан оның зардабы мен мөлшерін анықтап үлгеру қиынның қиыны.

БҰҰ-ның мәліметінен кейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілдері бұл іске баса назар аударды. Олар: «Біз осыған дейін шындық деп сеніп келгендерімізді бұл баяндама теріске шығарды. Біз бұл әрекетті соңына дейін сұрайтын боламыз», – десті.

“The Qazaq Times”