Катар Парсы шығанағындағы саяси дағдарыстың шешілгенін қалайды. Бұл туралы Катар Сыртқы Істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған. Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жариялаған ресми мәлімдемеде Катар өзге Араб мемлекеттерімен салқын қарым-қатынасына қарамастан, дағдарыс басталған алғашқы күннен бастап, "жаугершілік позициядан" аулақ болғаны айтылған. 

Оған дәлел ретінде Катар әмірі Тамим бин Хамад әл-Танидің 2017 жылы 21 шілдеде  "Қалыптасқан жағдайларға қарамастан Парсы шығанағының белгілерін бөтен мақсатта пайдалану, қорлаудан аулақ болыңдар!" делінген өз халқына жасаған үндеуі келтірілген. Катар келіссөздер мен бейбіт шешімдерге дайын екендігін, оның айлар бойы жалғасқан теке-тіресі  өзінің тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтарының басқа Араб елдері тарапынан құрметтелгенін қалағандықтан болғанын жеткізді.

Өткен аптада Кувейт әмірі барлық тараптарды саяси дағдарысты шешуге бар күшін салуға шақырып еді. Ол өз сөзінде: "Біз бұл дағдарыстың салдары қандай болуы мүмкін екенін болжай алмаймыз. Дегенмен егер эскалация мен әскери қадамдар басталса, бұл Парсы шығанағына шетелдік интервенция жасалуына ұласуы мүмкін", -  деді.

“The Qazaq Times”