«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына шабуыл жасамақ – деп хабарлайды Oxa.az ақпарат көзі.

Террорлық ұйым содырлары 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына шабуыл жасайтындықтарын айтып әлеуметтік желілерге суреттер жариялаған. Сондай суреттердің бірініде Аргентина құрамасының капитаны, «Барселона» ФК ойыншысы Леонель Месси бейнеленген.

Естеріңізге салайық, Ресейде 2018 жылы футболдан әлем чемпионаты 14-ші маусым мен 15-ші шілде аралығында өтеді деп күтілуде.

“The Qazaq Times”