Алматыда саналы ғұмырын ұлт әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне, ғылымы мен білімінің дамуына арнаған қазақ халқының ардақты перзенті, көрнекті ғылым және қоғам қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. 

Салтанатты кеште Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөз сөйлеп, кештің шымылдығын ашты.

Сондай-ақ, кеште  Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Нұрлан Мырқасымұлы Оразалинге берілді.

Кешке келген қонақтар. Фото: Дәурен Әбділдинов

Кеште Тұрсынбек Кәкішевке арналған арнайы видео көрсетіліп, оның  1943 жылдан 80-ші жылдарға дейін  халықтың сағынышына айналған айтыс өнерінің жандануына үлес қосқаны жайлы айтылды. Ақын Аманжол Әлтаев ғұлама ғалымға арнауын оқыды.

Сондай-ақ, кешке Рамазан Стамғазиев, Гүлзат Дәуірбаева, Талғат Әбуғазы, Ләлә Бақытнұрқызы сынды әншілер қатысып, Тұрсынбек Кәкішевтің ғылыми зерттеуіне айналған Сәкен Сейфуллиннің әндерін орындады. Драматург Қанат Жүнісов Тұрсынбек ағаның өтінішімен жазылған «Сәкеннің монологін» оқыды.

"Сәкен монологін" оқыған Қанат Жүнісов. Фото: Дәурен Әбділдинов

Тұрсынбек Кәкішев жер шарының түкпір-түкпірінен қазақты іздеген атажұртқа оралған қандастарды бауырына басқан тұлға. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорын құрып, елге, жерге қорған батыр бабаның аруағын асқақтатқан көптеген істің басы-қасында өзі жүрді. Салтанатты кеште ғалымның осындай адамдық қасиеттері мен еңбектері  ескерусіз қалмады. Түркі жұртына белгілі ғалым Әбдуақап Қара мен Франциядан келген Тәбәрік Доолу ғалым жайлы естеліктерімен бөлісті.

Париждегі қазақ мәдени орталығының жетекшісі Тәбәрік Доолу. Фото: Дәурен Әбділдинов

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына орай ҚазҰУ Филология факультетінде ғалым атындағы дәрісхана ашылды және "Ер Жәнібек" халықаралық қоғамдық қоры футболдан халықаралық турнир ұйымдастырып, әлемнің алты елінен және Қазақстанның жан-жағынан келген 20 команда бақ сынаған.

“The Qazaq Times”