Түрік әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағындағы террорлық топқа қарата әуе шабуылын жасады. Түркия ӘӘК-нің хабарына қарағанда операция барысында террорлық топтың 5 адамын өлтірген. Бұл туралы «Түркі теле-радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.

Түрік әуе күштерінің кезекті әуе операциясы Түркия үкіметі жағынан «Бөлшектеуші террорлық ұйым» аталған көбіне күрдтердің қарулы жасағынан құралған ұйымға қаратылған. Түркия үкіметі аталған террорлық топты қаржыландырды деп АҚШ үкіметін де көп жерде сынға алып келген.

Түркия ӘӘК-нің берген мәліметінде лаңкестердің 5 адамын және олардың қарулы көліктерін жойған. Кезекті операция әуе күштерінің бір шабуылшы ұшағы арқылы жүзеге асқан. Соңғы мәліметте ұшақ Түркиядағы әуе базасына қауіпсіз қайтып оралғаны айтылды.

“The Qazaq Times”