АҚШ, Канада және Мексиканың жоғары лауазымдыларының айтуынша, Солтүстік Америка Еркін сауда келісімі туралы келіссөздерде тараптардың пікір айырмашылығы көптеп кездесуде. Сондықтанда жыл соңына дейін келіссөздер аяқталмайтынын айтады. Бұл туралы “WSJ” басылымының ресми сайты жазды.

АҚШ сауда өкілі Роберт Литтизер сейсенбіде Уашингтонда бірлескен мәлімдеме жасап, осы айдың басында басталған келіссөздердің келесі раунды 17 қарашада Мексикада жалғасатынын хабарлады. Ал, Райт Хейс өз мәлімдемесінде: «АҚШ, Канада және Мексика арасындағы келіссөздер 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін жалғасады деп күтілуде», – деді. Бастапқыда үш елдің лауазымды өкілдері келіссөз жыл соңына дейін аяқталады деген еді.

Солтүстік Америка Еркін сауда келісімі осыған дейін аталған аймақтағы үш елдің арасында көп жылға дейін тұрақты күйін сақтап келген. АҚШ президент тағына Трамп келгеннен кейін Nafta келісіміне қайталай келіссөздер жүргізе бастады. Трамп үкіметі барлық ортақ келісімдерден бас тартуға да ниет еткен. АҚШ-тың бұрынғы үкіметі қол қойған бірнеше халықаралық келісімдерден бас тартқан болатын.

Трамптың ойынша көпжақты келісімдерден көрі, екіжақты келісімдер жасау «Америка бірінші» ұраны мен америкалықтардың мүддесіне барынша сай келетін көрінеді. Қазіргі үш ел арасындағы келіссөздердің ұзаққа созылуы да Трамп үкіметінің талап шарттарының көбейе түсуінде деп қарауға болады.

“The Qazaq Times”