Трамп үкіметінің саяси басымдықтарына сәйкес, Еуроодақ елдері Солтүстік Корея мен Венесуэлаға қаратқан қысымды арттыра бастады. Сондай-ақ, АҚШ үкіметі Иранның 2015 жылғы ядролық келісімге сай келетінін мойындамағанымен, Еуропа Одағы елдерінің келісімінен кейін ғана келіссөз жүргізе алады. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Дипломаттардың айтуынша, жоспар бойынша ЕО-ның сыртқы істер министрлері келесі дүйсенбіде Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран жобаларына қарсы іс-қимыл жоспарын ресми қабылдайды. Ал ЕО-ның ресми өкілдері Венесуэладағы Николас Мадуро үкіметінде, оның негізгі адамдарына қарата санкциялар жария етуі мүмкін.

Қазіргі кезде Еуропадағы көптеген елдерді Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы алаңдатып отыр. Сонымен бірге Мадуро үкіметінің қадамдары да ЕО елдерінің назарынан тыс қалған жоқ. Дегенмен, Ким Жоң Ун мен Мадуроға қаратқан қысымды арттыру қадамы, Еуропа елдерінің Трамп үкіметімен ынтымақтастықты қолға алғаны. Ал, Иран ядролық мәселесінде АҚШ пен Еуропаның пікірі бір жерден шықпай келеді.

ЕО өкілдерінің айтуынша, Солтүстік Кореяның үш жеке тұлғасы және алты үкіметтік мекемесіне қарата санкция салынады. Олардың жүріп-тұруы мен шетелдегі барлық активтеріне шектеу қойылмақ. Бірақ олардың айтуынша бұл шектеулер Ким Жоң Ун мен оның лауазымды қызметкерлеріне қаратылмайды екен.

Оған қоса, Еуропалық Одақтың барлық мүшелеріне Солтүстік Кореяға инвестиция салуына шектеу қойылады. Айталық, Солтүстік Кореяға мұнай сатуды тоқтату. Ал, Солтүстік Кореяға аударылатын ақшаны 5 мың еуроға дейін қысқартты. Бұл шектеулер арасында Солтүстік Корея жұмыскерлерімен келісімдерді ұзартуға қаратылған шектеулер де бар.

“The Qazaq Times”