Дональд Трамп NBS ақпараттық агенттігімен туындаған даудан кейін, Америкадағы бұқаралық ақпарат құралдарына лицензияларды беруді қайта қарастыруды ұсынды. Бұл туралы ВВС тілшілері жазды. 

NBS ақпараттық агенттігі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Дональд Трампты "ақымақ" деп атағаны туралы таратқан ақпараты үшін осыдан бұрын Ақ үйдің қырына іліккен еді. Екі тараптың қарым-қатынасын қиындата түскен жағдай NBS-тің "Дональд Трамп АҚШ-тың ядролық қару арсеналын он есе арттыратынын мәлімдеді" деген материалынан кейін болды.

Дональд Трамп бұл жаңалықты "толықтай жалған" деп теріске шығарды. Ол қару арсеналын арттыру туралы ұсынысында оны қазіргі қуатын он еселеу туралы емес, жақсы күйде сақтау жөнінде ой білдіргенін айтты. Сондай-ақ АҚШ Президенті: "БАҚ өкілдерінің ойына келген дүниесін жаза беретіні қынжылтады. Ол материалды журналистерге  сенім артатын қаншама адам оқиды ғой", - деген пікір қосты.

“The Qazaq Times”