АҚШ-тың 2016 жылғы президент сайлау ісін тексеруге қатысқан Конгресс мүшесі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, ресейлік ұйымдардың Facebook Inc. компаниясынан сатып алған жарнамаларын жария етуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы «Washington Post» басылымы жазды.

Хабарға сәйкес, АҚШ Конгресс өкілдері ресейлік ұйымдар  Facebook әлеуметтік желісі арқылы АҚШ үкіметінің заңдары мен жаңа ережелеріне қарсы қоғамдық пікір туғызып отыр деп қарайды. Ресей үкіметіне қызмет ететін осы ФБ қолданушылары жүргізіп отырған жарнама парақшаларын тексеріп, барлық желі қолданушыларға ашық әшкерелеу керек деп қарайды.

Өкілдер палатасының Барлау жөніндегі комитетінің төрағасы, Техас штатының өкілі Майк Конуэй тергеуге жетекшілік етті. Ол жоғарыдағы ұсынысты мүмкіндігінше тезірек атқаруды айтуда. Ал комитеттің ең үлкен демократиялық мүшесі және Калифорния Өкілдер Палатасының мүшесі Адам Шифф Facebook-ке ұсыныс жасап, ондағы жеке тұлғаларға қатысты ақпараттарды тазалап болғаннан кейін, Ресей ұйымдарының сатып алған жарнамаларының барлығын жариялауды ұсынып отыр.

Бұл екі лауазымды тұлға кеше Facebook компаниясының бас операциялық директоры Шерил Сандбергпен кездесті. Олар ортақ ақылдаса келе, көп ұзамай аталған жарнама мазмұндарын барлық жеке құқықтарды сақтау арқылы америкалық тұтынушыларға әшкерелемек.

“The Qazaq Times”