ҚР Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі және Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бірлесе отырып қазан айында мұнай өнімдерінің импортын ынталандыру позициясын әзірледі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

4 қазан күні екі ведомство басшылары Қанат Бозымбав пен Тимур Сүлейменовтың қатысуымен болған жиналыста  осындай келісім жасалды.

Осылайша, жоғарыда аталған комитет заңнаманың орындалуын бақылау кезінде жанармайдың сатылу бағасын және жанар-жағармай сатылымына араласып отырған нарық қатысушыларына тең дәрежеде әсер ететін импортталатын мұнай өнімдерін есепке алмақ.

Ал бұл шешім нарық қатысушыларының жанармай өнімдерін импорттау жұмысын оңтайландыруына мүмкіндік беруі тиіс.

Бұдан бөлек жиналысқа қатысушы министрлер мен мұнай нарығындағы ірі ойыншылар арасында қазан айында 120-150 мың тоннаға жуық АИ -92 маркалы бензинді импорттау жоспары туралы айтылды. Бұдан ірі жанармай бекеттеріндегі қор 100 мың тоннаға дейін көбейеді.

“The Qazaq Times”