ОСК депутат Аманжан Жамаловты тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты

"2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясында биыл 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған "Табысты" депутат Жамалов Қазақстан парламентінен қалдырылуы мүмкін" атты мақаласындағы дерек бойынша отырыс өтті", - делінген хабарламада.

ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаевтың хабарламасы тыңдалғаны және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты А.М.Жамаловтың түсінігі тыңдалғаны хабарланғаны белгілі болды.

ҚР Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес, ҚР ОСК мүшелері М.А.Сәрсембаевақа және Л.Ж.Сүлейменовке тексеріс жүргізу және биыл 24 қаңтарда қорытынды жайында баяндау тапсырылды. ҚР ОСК-нің осы мәселе бойынша қаулысы қабылданған.

"ОСК – олар,  барлығын тексереді, сосын ресми жауап береді", - деді тілшілерге Жамалов Парламенттің жалпы отырысы аяқталғаннан кейін.

Ал өз бизнесі туралы: "Иесі болуға тыйым салынған ба? Заң бойынша мен өз иелігімдегі сенімгерлік басқарумен, барлық жылжымайтын мүліктерімді өткізуім керек, мен мұны заң бойынша орындадым. Мұны растайтын құжаттар бүгін ОСК-ға бердім", - деді.

Естеріңізге сала кетсек, депутат ХҚКО-да кезекте тұрып қайтыс болған адам жайлы "C таким же успехом он мог умереть и дома" деп пікір білдіргені үшін басы дауға қалған еді. Сосын ол өз пікірін түсіндіріп, артынша кешірім сұраған болатын.

"The Qazaq Times"