Түркия билігі алдағы уақытта ғарыш станциясын салуды жоспарлап отыр - деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.

Anadolu ақпарат агенттігінің мәліметінше, ел премьер-министрі Бинали Йылдырым Эксишехир провинциясында жаңадан салынған тікұшақ бөлшектерін өндіретін зауыттың ашылу салтанатында: «Қазіргі таңда ғарыш станциясын салуға байланысты заң жобасы парламентке жіберілді. Біз алдағы уақытта Түркия қауіпсіздігін әуе-ғарыш технологиялары арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз» - деп мәлімдеген.

Бұдан бөлек Бинали Йылдырым НАТО аясында елде АҚШ-тың F-35 ұшағын құрастыратындықтары жайында айтқан.

“The Qazaq Times”