Италияндық саясат қайраткері Антонио Таяни Еуропа Парламентінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Еуропа парламентіне жаңа төраға ретінде Христиан демократтардың Еуропа Халық партиясы үміткері италияндық Антонио Таяни сайланды.

Францияның Страсбург қаласындағы Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінде 4 турға созылған төрағалық сайлауында италияндық Антонио Таяни 351 дауыс жинап, Еуропа парламентінің жаңа төрағасы ретінде сайланды.

Сайлау қорытындысы жарияланған соң сөз алған Таяни жеңісін өткен жылы Италиядағы зілзалада қаза тапқандарға арнағанын атап, Еуропа үшін бірлік шақыруы тастады.

Антонио Таяни бұл міндетке сайланған соң өткізген алғашқы баспасөз жиналысында болса Еуропада ынтымақтастық пен бірлікке қажеттілік бар екеніне назар аударды.

Таяни Ұлыбританияның болашақта Еуроодақ үшін маңызды бір ортақ екенін де атап көрсетті.

"The Qazaq Times"