Алматыда қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Зауыт еуропа жабдықтарымен жабдықталатын болады. Компанияның өндірістік қуаты қаланың қалдықтарын қайта өңдеу қажеттілігін толығымен жабады.

Қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысы «Green Recycle» ЖШС жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Сұрыптау үрдісі барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таңдалады. Жылына 550 мың тонна қуаты бар зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Алматы әкімі Бауыржан байбектің айтуынша, тұтастай алғанда қалдықтарды сұрыптау кешенінің пайда болуы өнеркәсіптің дамуына серпін береді және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартады.

“The Qazaq Times”