Бүгіннен бастап 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты арт-артынан жариялана бастайды. Бүгін түстен кейін Физиология және медицина ғылымдарының Нобель сыйлығының нәтижесі белгілі болады. Физиология және медицина сыйлығы щвед ғалымы Нобельдің өсиеті бойынша аталған салада жаңалық ашқан немесе теңдессіз үлес қосқан ғалымға немесе зерттеу тобына берілуі тиіс.

Нобельдің физиология және медицина сыйлығы 1901 жылы алғаш рет берілген. Швеция медициналық ғылымдар академиясының Каролина Колледжі іріктеуге жауапты. Бүгінге дейін бұл марапат сыйлығы 107 рет берілді. Кейде бір реткі марапатты зерттеу тобы ортақ бөліседі, сондықтан да қазірге дейін аталған марапатқа ие болған адамдардың саны 211 адам. Бұлардың ішінде 12 әйел ғалым да бар.

Нобель сыйлығының 100 жылдан астам тарихында, тоғыз жыл бойы ешбір адамға Физиология және медицина сыйлығы берілмеген кезі де бар. Оның себебі, сол жылдарда аталған саладағы даму мен серпілістің жоқ деп қаралуында.

Естеріңізге сала кетелік, 2015 жылы Нобельдің Физиология немесе медицина сыйлығын қытайлық Ту Юю ханым алып, Азиядан алғаш рет осы марапатқа ие болған әйел ғалым атанған еді. Ал, 2016 жылы Жапонияның молекулалық жасушаларды зерттеуші биологы Дайу «жасушалық аутоагрегат механизмін» ашқаны үшін бұл марапаттың иесі болған. Нобельдің бұл сыйлығын иеленгендер арасында жапон ғалымдарының саны басымырақ.

Бірнеше сағаттан кейін белгілі болатын марапаттың үміткерлері:

1.  Америкалық Льюис Кэнтли (Lewis C. Cantley), Америка Құрама Штаттары Сандра және Эдвард Мэйер орталығының директоры, Уилл Корнелл Медицина мектебінің бауыр биомедициналық профессоры. Фосфоинозит 3-киназаның (PI3K) сигнал жолдарын және оның қатерлі ісіктің өсуіндегі рөлі зерттеп ашқаны үшін кандидатурасын бекіткен.

2. Ұлыбританиялық Карл Дж. Фристон. Лондон университеті, Welcome Foundation колледжінің Нерв және көру орталығының зерттеуші ғалым. Сыйлыққа ұсыну себебі: Мидың визуалды деректерін талдау статистикалық параметрлеріне «voxel» негізіндегі морфологиялық талдау арқылы маңызды үлес қосқаны үшін делінген.

3. Чаң Юань (Yuan Chang) және Патри С. Мур (Patrick S. Moore). АҚШ Питсбург Медицина мектебінің зерттеушілері. АҚШ-тың онкологиялық қоғамның зерттеушілері. Сыйлыққа ұсынылған себебі: адамның герпес вирусының 8-ші түрін тапқан.

Бүгін түстен кейін жария болатын нәтиже бойынша осы аталған ғалымдардың біреуі 2017 жылдың Нобель Физиология және медицина сыйлығының лауреаты атанады.

“The Qazaq Times”