Сүриядағы «Ислам мемлекеті» және басқа да террорлық ұйымдар соңғы бірнеше айда зор шығынға батты. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі өткен аптаның соңында мәлімет таратқан болатын. «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.

Соңғы бірнеше аптада «Ислам мемлекеті» және «Шам майданын бағындыру» ұйымдары Сүрияның батысы мен шығысында шабуылдарын күшейте түсті. Алайда, сәтсіздіктерге ұшырады. Соңғы айларда аталған террорлық ұйымдар ауыр шығындарға ұшыраған. Ресей жақ өздерінің әуе күштерінің қолдауында Сүрия үкіметінің қарулы күштері Дайр-әз-Зор мен Идлиб өңірлерінде террорларға қатты соққы берді деп хабарлауда. Шабуыл уақыты мен бағытының дұрыстығы бұл реткі операциялардың сәтті болуына басты себеп болды деп көрсетті.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сенсек, 19-29 қыркүйек аралығындағы Ресей ӘӘК-нің шабуылдарынан 2359 террорист өлтірілген, 2700-ден астам лаңкес жараланған. Бұлардың арасында Ресей мен ТМД елдерінен келген 16 командир мен 400-ден аса экстремистер бар делінген. Террористтер орналасқан 67 орынды талқандап, 27 танк пен 21 дана зымыран қондырғылы көліктерді, 149 автокөлік пен 51 қару-жарақ қоймасын жойған. Ресей жақтың бұл берген ақпараттарына өзге елдер жағынан әлі де сараптамалар жасалмады.

“The Qazaq Times”