Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов спорт жайында кітап жазды.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Құрбанғұлы Бердімұхамедов «Спорт - достыққа апарар жол, денсаулық және әдемілік» атты спортқа арналған кітап жазған. Кітаптың тұсау кесері Мемлекеттік қоғамдық қорлар орталығында өткен.

Бұдан бөлек Түркіменстан басшысы биыл қарулы күштер және ішкі істер министрлігінің жұмысы жайында кітаптар жазған. Ал өткен жылы Бердімұхамедов түркімен кілемдері, музыка, ақалтеке аттар мен мақал-мәтелдер жайында алты бірдей кітап жазған.

“The Qazaq Times”