«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың «USA Today» газеті сейсенбі күні: «АҚШ-тың Сүрияның Ракка қаласындағы Башар Асад үкіметінің қарсыластары мен қарулы күштерге жаңа әскери көмек жіберіледі»,- деп жазды. Жаңа қарулар Сүрия үкіметінің қарулы қарсыластарына  әуе арқылы жіберілетін болды.

Сүриядағы Джебхат ан-Носрат тобының басшыларының бірі АҚШ-тың осы тәкфіршіл топқа қару жіберетінін мәлімдеді.

Әртүрлі ақпарат көздері Алеппода лаңкестер жеңілген соң, Джебхат ан-Носрат тобының ықтиярында болған америкалық қару қорларының табылғаны туралы хабарлады.

"The Qazaq Times"