Испания орталық билігінің  осы жылдың 1 қазанына жоспарланған Каталонияның  тәуелсіздігі туралы референдумын тоқтатуға жасаған әрекеттері каталондықтардың қала көшелеріне көтеріліске шығуына себеп болды.  Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

Жұма күні 2  мыңға жуық азамат Барселонадағы Жоғарғы Сот ғимаратының алдына жиналып, референдум өткізуге тосқауыл болу туралы орталық биліктің тапсырмасын орындамаған Каталонияның алты шенеунігін босатуды талап етті. Сот көпшіліктің өтінішін орындап, оларды босатқанымен, шенеуніктер елдегі жағдай тұрақталғанша, апта сайын Сотқа келіп тұруға міндеттелді.

Испания билігі референдумды болдырмау мақсатында 14 шенеунікті тұтқындап, 10 млн дауыс беру қағазының көзін жойды. Бұл 1 қазанға жоспарланған референдумға кедергі болғанымен, Тәуелсіздікке ұмтылған 7,5 млн каталондықтың күреске деген кұштарлығын қыздыра түсті.

“The Qazaq Times”