АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Солтүстік Кореяға бағытталған қысымды ең жоғары шекке дейін арттыруға бұйрық берді. Бұл қысым аталған елдің сыртқы әлеммен сауда қатынасын одан ары қыса түсуге бағытталды. Сонымен бір уақытта Трамп Оңтүстік Корея және Жапониямен бірге бірыңғай одақ екенін көрсетіп, оқшауланған ядролық қару-жараққа қарсы тұрудың жалпы стратегиясын жасауға тырысатынын білдірді. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлады.

Трамп, Солтүстік Кореяның көптеген субъектілеріне санкциялар енгізу туралы жаңа тапсырма берді, ол АҚШ-тың өзін және одақтастарын қорғауына тура келетін болса, «Солтүстік Кореяны толығымен жойып жібереді» деп қорқытқанына қарамастан, ол әлі де әскери әрекеттерге емес, экономикалық қысым көрсетуді жалғастыратынын көрсетіп отыр.

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы әлемнің тыныштығы мен бейбітшілігіне төнетін үлкен қатер, алайда, өзге елдердің онымен экономикалық байланыс орнатуын қабылдауға болмайды», – деді Трамп, Корея мен Жапония басшыларымен Нью-Йорктегі түскі қонағасы кезінде. Трамп және: «Солтүстік Кореяның қатал режимі өзі азаматтарының және өзге елдердің егемендігін құрметтемейді».

Үш елдің басшылары кеңесе келе, Солтүстік Кореяның барлық экономикалық бағыттарынан тосқауылдар қойып, қысымды арттыра түсуге келісті. Олар бұл қадамдары арқылы өздерінің КХДР-ға қарсы мызғымас одақ екенін анық әйгіледі. Дегенмен, осыдан бұрын Трамп БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзі бұл шешімдерінен қатаң болған еді. Ол АҚШ пен оның одақтастарын қолдау үшін бір елді түгелімен жойып жіберуге дейін баратынын жеткізіп еді.

“The Qazaq Times”